- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 38
Атырау облысы Білім беру басқармасының «Абай» оқушылар орталығында Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экология–биология бағыты бойынша экологиялық тәрбиені насихаттауға арналған көгалдандыру іс-шарасы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, табиғатты қорғауға ынталандыру және қоршаған ортаға жанашырлық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара аясында «Табиғат – балалар көзімен» тақырыбында оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан сурет көрмесі ұйымдастырылды, сондай-ақ Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы туралы бейнепрезентация көрсетілді.
«Жасыл аймақ» жобасы шеңберінде микрокөкөністерді бөлме жағдайында өсіру және бөлме өсімдіктерін көбейту жұмыстары жүргізілді.
Шараға қатысушы оқушылар үйірме жетекшілері Сапура Утенова мен Эльвира Касанованың басшылығымен дақылдар мен гүл тұқымдарын контейнерлерге егіп, экология–биология бағытындағы үйірме жұмыстарына белсенді үлес қосты.
Іс-шара соңында қатысушылар орталық атынан арнайы дипломдармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың экологиялық санасын арттыруға және табиғатты аялауға бағытталған маңызды қадам.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 43
Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізуде.
2025 жылғы 18 желтоқсанда Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдау туралы тапсырма берді.
Талдау қорытындысы бойынша қаржы министрі Мәди Такиев бюджеттік шығыстардың өсуіне қарамастан (2026 жылы осы мақсаттарға арналған шығыстар 2,4 трлн теңгені құрайды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге артық) Қордың тиімділігі артпай тұрғанын баяндады. Бұл ретте 2020 жылдан бері жинақталған инвестициялық табыс 588 млрд теңгені құрады, оның ішінде тек 2025 жылдың өзінде 195,9 млрд теңге болған. Талдауға көрсеткендей, қаражаттың едәуір бөлігі қор активтерінде жинақталады және медициналық қызмет көрсетуге жұмсалмайды.
Қаржы министрлігі жүргізген медициналық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелерінің IT-аудиті бірқатар жүйелі заңбұзушылықты анықтады:
жалған пациенттерді тіркеу (контингент тіркелген кезде 1 мың адам болғанмен, іс жүзінде медициналық қызметке 500-і жуық жүгінеді, алайда төлем бүкіл контингент үшін жүргізіледі);
азаматтарға өздеріне тән емес медициналық қызметтерді көрсету;
МӘМС және жұмыс берушілердің ерікті медициналық сақтандыру қаражаты есебінен бірдей қызметтерді қосарлана қаржыландыру;
қысқа мерзімде медициналық қызметтердің «әдеттен тыс» көп көлемін көрсету;
қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсету;
балаларға күніне мыңнан астам дәрі-дәрмектерді жазып беру және т. б.
Қаржы министрі Мәди Такиев нақты сандар мен мысалдар келтірді:
Жекеменшік клиника бір күнде 1 442 пациент қабылданған, ал бір күнде орташа есеппен 24 адамға дейін қабылданды (6 сағаттық жұмыс күнінде 1 пациентке 15 минут). Сол клиникада басқа дәрігер бір айда 4 832 науқасты қабылдаған (Астана қаласы);
Бір маманда бір айда 1 713 емдеу жасаған жағдай тіркелген, жекелеген күндері – тәулігіне 300-400 тексеру жасаған (Астана қаласы).
996 қайтыс болған пациентке медициналық қызмет көрсетудің 3 640 оқиғасы анықталды, мысалы 2023 жылы қайтқан адамды 2025 жылы қабылдауға жазған, (қайтыс болғаннан кейін 2,5 жыл өткен соң).
1,8 млрд теңгеге пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтердің 769 446 жағдайы тіркелді. Мәселен, 768 827 ер адам әйел ауруларына (жатыр мойны обырына) скринингтен, 619 ер адам маммограммадан өтті деп көрсетілген. Тек бір аудандық ауруханада осындай 11 123 жағдай анықталды (Алматы облысы).
Балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған тіркеудің 68 717 жағдайы нақтыланды. Диксимид препараты бойынша екі балаға 126 мың жазба тіркелген, яғни әрқайсысына 63 мың реттен есептен шығарылған (Жетісу облысы);
Бір пациентке бір тәулік ішінде дәрі-дәрмектерді есептен шығаруған 2 872 жағдай белгілі болды. Балалар ауруханасында осындай 179 жағдай анықталды: 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылды, бұл ретте пациенттер стационарда 1 күнге жетпейтін уақыт қана болған (Астана қаласы) және тағы басқа деректер бар.
Талдау қосарланған қаржыландырудың кең таралған екі жағдайын анықтады. Біріншісінде – жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс беруші тарапынан ерікті медициналық сақтандыру бойынша және МӘМС қорының қаражаты есебінен бір мезгілде төлем алуы болса, екінші жағдайда – бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйымның базасында қатар тіркелуі.
Сондай-ақ салық органдары медициналық ұйымдар басшыларына қатысты камералдық бақылау жүргізіп, олардың табыстары мен сатып алған мүліктеріне талдау жасады. Нәтижесінде 2024-2025 жылдар аралығында 1 465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісін сатып алғаны, ал 912 адамның 1 416 автокөлік иеленгені анықталды. Жекелеген басшылардың әрқайсысы 52-ден 124-ке дейін жылжымайтын мүлік объектісін және 14-тен 24-ке дейін автокөлік сатып алған.
Сонымен қатар Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базасының шашыраңқылығы атап өтілді. Пациенттер мен медициналық ұйымдар бойынша бірыңғай деректер қорының болмауы қолданыстағы нормативтік базаның көп жағдайда халыққа медициналық көмек көрсетудің түпкі нәтижесіне емес жекелеген ұйымдардың (МӘМС, «СК Фармация») қызметтеріне байланыстырылуына алып келді.
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы, жарақтандырылуы және кадрлық талаптары бастапқы расталғаннан соң одан кейінгі бақылау іс жүзінде жүргізілмейді. Бақылаудың алдын алу тетіктері құрылмаған, бұл медициналық ұйымдардың ТМККК және МӘМС құралдарын мақсатсыз пайдалануды дер уақытында болдырмауға мүмкіндік бермейді.
Жүйеде үнемдеуге ынталандыру жолға қойылмаған: үнемделген қаражатты бюджетке қайтару құралдары қарастырылмаған. Тиімділікке емес, қаражатты игеруге деген мотивация орныққан.
Тариф белгілеуде де белгілі бір проблемалар анықталды. Жүйеде 3 мыңнан астам тариф қолданылады, бұл медициналық қызметтерді әкімшілендіру мен бақылауды едәуір қиындатады.
Қорытындылай келе Премьер-министр Олжас Бектенов келесідей тапсырмалар берді:
Қаржы министрлігі барлық айтылған деректер бойынша материалдарды процестік шешімдер қабылдауы үшін құқық қорғау органдарына берсін;
барлық қаржы ағындарын бақылау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілсін;
Қаржы министрлігі жүйелерінің базасында денсаулық сақтау жүйесінің барлық бизнес-процестерін толық цифрландыру қамтамасыз етілсін;
ӘМСҚ активтерін орналастыру және инвестициялық табыс алу жөніндегі инвестициялық стратегияның параметрлерін қайта қарау арқылы негізсіз қаржыландыру тоқтатылсын.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 39
Атырау қаласындағы №50 жалпы орта білім беретін мектепте эко сабақ өтті. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Үнемді тұтыну» тақырыбы бойынша өткен сабатың негізгі мақсаты - оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды насихаттау және ресурстарды ұқыпты пайдалануға баулу.
Эко сабақ кезінде оқушыларға су ресурсын үнемдеу, қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық қауіпсіздік және салауатты өмір салтының маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Тіршілік көзі санлатын – судың дам өміріндегі маңызы және күнделікті тұтыну, ысырап етпеу дағдылары туралы айтылды.
Мәселен, жер шарындағы судың шамамен 97 пайызы тұзды, яғни ішуге жарамсыз. Ал небәрі 3 пайызы ғана тұщы су қоры болып саналады. Оның өзінде қолжетімді, пайдалануға болатын таза ауыз су көлемі одан да аз. Бұл – су ресурстарының шектеулі екенін көрсететін маңызды дерек.
Жыл өткен сайын өзен-көлдердің тартылуы, су көздерінің ластануы және климаттың өзгеруі салдарынан тұщы су қоры азайып келеді. Кейбір аймақтарда жауын-шашынның азаюы, ауа температурасының көтерілуі су көздеріне тікелей әсер етуде. Сонымен қатар суды тиімсіз пайдалану мен ысырапшылдық та бұл мәселені ушықтырып отыр.
«Ұйымдастырылып отырған бұл шаралар жас ұрпақтың экологиялық санасын арттыруға, табиғатты аялауға және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам дейді, бастауыш сынып мұғалімі Айсұлу Ихсанова.
Осылайша, экологиялық тәрбие беру арқылы мектеп ұжымы оқушылардың қоршаған ортаға жанашыр көзқарасын дамытуға және қоғамда тұрақты даму құндылықтарын орнықтыруға үлес қоспақ. Сонымен қатар мектеп аумағында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған арнайы акцилар ұйымдастырылады.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 43
Атырау қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында реагент себу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта арнайы КДМ техникалары қауіпті бұрылыстарда, қала көшелерінде, көпірлерде, әлеуметтік нысандар аумағында және ауылдық округтерге қатынайтын тас жолдарда жұмыс атқаруда.
Күндізгі уақыттан бері 64 текше метр реагент себілді. Аталған жұмыстар тәулік бойы жалғасады.
Жол қозғалысына қатысушыларды сақ болуға, жылдамдықты асырмауға шақырамыз.
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 44
Алматы қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған стратегиялық маңызды нысан – Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығының ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, сондай-ақ Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.
Орталық COVID-19 пандемиясы кезіндегі мәселелерден сабақ ала отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі дайындық деңгейін арттыру, ғылыми әлеуетті дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және кадрларды дайындау мақсатында тұрғызылды. 350 төсек-орынға есептелген жаңа мекеме еліміздің түкпір-түкпірінен туберкулезбен ауыратын 2,5 мың науқасты жыл сайын емдеуге және диагностикалық көмек көрсетуге ықпал етеді.

«Бұл орталық Президент тапсырмасымен ұлт денсаулығын нығайту және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бой көтерді. Бүгінде мұнда ғылыми зерттеулер, озық технология және болашақ мамандарды тәрбиелеу бағыттары өзара сабақтасып, біртұтас жүйеге айналып отыр. Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтауға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және отандық медициналық ғылымды дамытуға зор үлес қосады деп сенемін», — деді Аида Балаева.
Премьер-министрдің орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде денсаулық сақтау нысандарымен қатар әлеуметтік инфрақұрылым да қарқынды дамып жатқанын атап өтті.
«Кейінгі екі жылда елде 695 жаңа медициналық нысан, 614 мың орынға арналған 419 жаңа мектеп салынды. Бұл 19 апатты мектепті жоюға, 58 мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге және 190 мектептегі оқушы орындарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 237 спорт нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 69-ы қалаларда, 168-і ауылдық жерлерде орналасқан. 2025 жылы 61 мәдениет нысанының құрылысы аяқталды. Өңірлерде 251 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өзгерістер, ең алдымен, халықтың өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік қорғауды нығайтуға бағытталған», — деп атап өтті А.Балаева.
Іс-шара барысында ИАҰҒО-ның бөлімшелеріне экскурсия ұйымдастырылып, мекеменің инфрақұрылымы мен жабдықталуы таныстырылды. Сонымен қатар мекеме ұжымымен де кездесу өтті.
Айта кетейік, Инфекциялық аурулардың ұлттық ғылыми орталығы қысқа мерзімде салынған. Мұнда клиникалық көмек көрсету, ғылыми жұмыс жүргізу, білім беру, цифрлық технологияларды пайдалану секілді мүмкіндіктер бар. Орталық балалар мен жүкті әйелдерге де медициналық көмек көрсетеді. Төтенше жағдайлар кезінде жедел түрде 500 төсек-орынға дейін кеңейтілуі мүмкін.
ИАҰҒО – диагностика мен емдеуден бастап, инфекциялық және паразиттік ауруларға, оның ішінде дәріге төзімді туберкулез түрлеріне қатысты күрделі зертханалық зерттеулер жүргізе алатын толыққанды мекеме. Орталық инфекциялық қауіп-қатерге ұлттық деңгейде мән беретін, ғылыми жаңалықтар мен инфекциялық аурулармен жұмыс істейтін мамандарды кәсіби даярлайтын базаға айналмақ.



- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 48
Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек адамына көрсетілген үлкен құрметтің айғағы. Бұл бастама маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген жұмысшы мамандардың қоғамдағы рөлін айқындай түседі.
Теміржол саласы – жоғары жауапкершілікті, тәртіп пен төзімділікті талап ететін маңызды сала. Күн сайын үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етіп жүрген теміржолшылар ел экономикасының тұрақтылығы мен халық қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етеді. Осы салада қызмет ету – үлкен сенім мен жауапкершілік.
Жұмысшы мамандықтар жылы жастарды еңбекке баулып, кәсіби маман ретінде қалыптасуына жол ашады. Қазіргі таңда білікті жұмысшы мамандарға деген сұраныс жоғары, ал адал еңбек пен кәсібіне деген сүйіспеншілік кез келген маманның басты құндылығы болып қала береді.
Бұл жыл жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер беріп, еңбекке деген құрметті арттырады деп сенім білдіріледі. Болашақта өз ісінің шебері болып, ел игілігі үшін қызмет ету – әрбір жас жұмысшының мақсаты.
Жантілек ЖҰМАБАЕВ,
жас теміржолшы



