«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу күніне орай, Махамбет ауданының азаматы Өтеміс Есболұлы(Избулов) рухына арналған футболдан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан ашық турнир ұйымдастырылды.
Турнирге Құрманғазы, Исатай, Индер аудандары, Бейбарыс, Сарытоғай, Ақтоғай,Е.Ағелеуов және Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қатынасты. Жарыстың ашылу салтанатында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры А.Қабенов, ауданымыздың білім саласының ардагері Қ.Сатқанбаев және ұрпақтары атынан М.Избулов құттықтау сөз сөйлеп, балғын футболшыларға жеңіс тіледі.
Топтық ойындардан сүрінбей өткен 4 команда келесі күнгі жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы Құрманғазы командасынан басым түсіп, финалға жолдама алды. Екінші жартылай финалда Исатай ауданының командасы Индер ауданының футболшыларынан басымырақ түсті.
Жүлделі ІІІ орын үшін финалда Құрманғазы ауданының командасы Индер ауданынан басым түсіп, иемденсе, І орын үшін финалда махамбеттіктер мен Исатай ауданының командасы тартысты ойынмен ұтып, облыстық турнирдің чемпиондары атанды.
Жарыстың «Үздік шабуылшысы» Д.Сәлімжанов (Махамбет), «Үздік жартылайқорғушы» А.Хайыржанов (Құрманғазы), «Үздік қорғаушы» Е.Темірболатов (Исатай), жарыстың «Үздік қақпашысы» М.Мұратов (Индер) аталған үздіктерге арнайы кубок, медаль және дипломдармен марапатталды.
Марапаттауды аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Андашев, балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Н.Қабенов және ұрпақтары атынан М.Избулов жүргізді.
К.Сапарқызы