Мухадия ІІІ орын иегері

Мамыр айының 27-31 аралығында Қостанай қаласында тірек-қимыл аппараты зақымдалған жандар арасында үстел теннисінен халықаралық дәрежеде жарыс өтті.

Жарысқа Махамбет ауданынан «Ер жүректілер» спорт клубының жетекшісі әрі үстел теннисінен жаттықтырушы Мухадия Қуангереев қатысып, жекелеп ойнаудан жүлделі ІІІ орын алып, ауданға қуаныш сыйлады.

m

Ал жалпы командалық есепте Атырау облысы І орын иегері атанды. Бұл жеңіс күндіз-түні талмай спортшылармен бірге атсалысып жасаған жаттығулардың нәтижесі екені даусыз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға үміт сыйлап, қоғамға араластырып, осындай биіктен көрінуіне қолдау көрсетіп жүрген Гүлнар Иманалиеваға, Ержан Андашевқа алғысымыз шексіз.

Гүлден Утебалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521