Спорт ардагері Жұмалиевті еске алды

Таяуда Махамбет ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің залында спорт және еңбек ардагері, бокстан алғашқы бапкер Алфарит Жұмалиевті еске алуға арналған 2003-2004, 2005-2006, 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы бокстан облыстық ашық турнирі өтті.

Жарысқа Ақтөбе, Атырау қалаларынан Атырау-1, 2 және Құрманғазы, Қызылқоға, Индер, Исатай, Махамбет (Бейбарыс, Ақжайық) аудандарынан қатысқан командалар өзара бақ сынасты.

t

Аталған жарыста I орынды Гуртовой Альберт, Қалықов Мұхаметжан (Е.Ағелеуов о/м),

Ердаулетұлы Ерназ, Жолдас Сұлтан, Қонысұлы Елсұлтан (А.Байтұрсынұлы о/м),

Меңдібай Айболат (Д.Төленов атындағы мектеп гимназиясы)ов атындағы орта мектебі) жеңіп алды.

aipatyr29

Ал жүлделі II орынды Русланов Исламбек, Ибатолла Айбек, Құттыгерей Абылайхан, Жолдыбаев Бекет, Гуртовой Александр (Е.Ағелеуов о/м) Талғатов Айбат, Жолдасов Аймұрат, Батырғали Бекет (А.Байтұрсынұлы о/м) қанжығасына байлады.

Ал жүлделі III орынды Батырғали Бекет (А.Байтұрсынұлы о/м), Мағзом Аманер (Д.Төленов м/г), Қармыс Ержігіт (О.Шонаев о/м), Жомартұлы Ерасыл, Демен Думан (Е.Ағелеуов о/м) иеленді.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубок, медаль, диплом, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

alpatyr28

Жарысқа қатысқан әр команда бапкер А.Жұмалиевтің шәкірттері атынан кубокқа ие болды. Жарыс жаттықтырушылары Торбаев Қалмұрат, Қайрош Мирлан, Қапуанов Жәнібек болғанын айта кеткен жөн.

А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521