Жерлесіміз Алмаз Пастухов Ресейден жеңіспен оралды

Қазанның 25-27-сі аралығында Ресей Федерациясы, Саратов облысы, Балаково қаласында, Балаково АЭС-нің бастауыш кəсіподақ ұйымының жүлдесі үшін, 2003-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдо күресінен дəстүрлі ХХV Халықаралық турнир өтті.

Бұл турнирге Атырау облысының құрамасында Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тəрбиеленушілері Пастухов Алмаз бен Бисен Жігер қатынасты. 50 кг салмақта Пастухов Алмаз 4 кездесу өткізіп, қарсыластарының бəрін жеңіп, 1-ші орынды жеңіп алды.

pastyhov

55 кг салмақта Бисен Жігер 5 кездесу өткізіп, қола жүлде үшін белдесуде ұтылып, 5-ші орыннан көрінді.

Спортшыларды дайындаған жаттықтырушысы Кабенов Асет.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521