Атырауда «Батыс» өңірлік қозбасшылығының әскери қызметкерлері 50 литрге жуық қан тапсырды, хабарлайды ҚазАқпарат.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті ауруханалардағы ауыр науқастар үшін қан тапсыруға 100-ден астам әскери қызметкер келді.
Олардың басым бөлігі алғаш рет донорлық қан тапсыруға қадам жасады.
                                    
            
    
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						
    							    						    												
    						

