Дұрыс тамақтана білесіз бе?

Бүгінде тренажер залына барып жаттығу, дұрыс тамақтану қалыпты үрдіске айналып келеді. Осы орайда денсаулықты нығайту үшін тағы қандай шараларды жүзеге асырған дұрыс?

Ұзақ өмір сүруге және денсаулықты нығайтуға өмір бойы ұмтылу керек. Өмірге дені сау ұрпақ әкелу үшін оның денсаулығын, анасының құрсағында жатқан кезден бастап қамқорлыққа алған дұрыс. Қазіргі таңда майлы тамақты аз пайдаланып, көкөніс пен бидайдың төменгі сұрыптарын пайдаланған маңызды. Яғни талшықты өнімдер пайдалы деген сөз. Жоғарғы сұрыпты ұннан жасалған нанды, қантты өте аз пайдалану қажет. Адамдар «майлы тамақ - семіздікке әкеп соғады» деп санайды. Әрине, тек олар ғана емес. Мәселен, қант көмірсулары мен құрамында қанты бар сұйықтықтарды аз пайдалану керек. Мысалы, кока-кола, пепси-кола, фаст-фуд, хот-догтар өте қауіпті.

Қуырылған тамақтар жүрек-қан тамырлары ауруына тіпті қатерлі ісік дертіне әкеп соқтырады. Қазір адамдар холестерині бар тамақтарды жеуден қорқады. Негізі олардың өздері қауіпті емес. Оларды қауіпті ететін транс-майлы қышқылдар. Бұл қышқылдар сиырдың сүтінде болады. Сондықтан күніне кем дегенде 400 грамм көкөніс пен жеміс-жидектерді пайдалану қажет. Ал бізде бұл көрсеткіш әзірге жан басына шаққанда 50 - 150 грамнан аспайды. Бұл өте аз. Негізі тамақта майлардың мөлшері 25-30 пайыз, ақуыздар - 11-13 пайыз, көмірсулар 55 пайызды құрауы керек.

Тағы бір маңыздысы, ол - қимыл-қозғалыс. Таңертең міндетті түрде дене шынықтыру жаттығуларын жасап, ал таңғы асқа нан, май, шұжық дегендерден мүлдем бас тартқан дұрыс. Күнделікті қойдың етін шама келгенше пайдаланбау керек, себебі, қойдың еті ауыр болып келеді. Түсте тауық еті немесе жылқы еті салынып, әзірленген сорпа ішу. Жылқының еті - өте пайдалы. Сиырдың сүтін қайнатып, тазартпасаң тез бұзылады, ал, қайнатсаң, пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Ал биенің сүтін зарарсыздандыруға, яғни стерильдеуге және қайнатуға әсте болмайды. Себебі, сапасын жоғалтады. Бұл - өте нәзік сүт. Оның ақуызы ана сүтінің ақуызымен бірдей. Сондықтан бие сүтін, қымызды пайдаланғанның денсаулыққа әсері зор.

Өте құнарлы және майлы тамақтардан бас тартқан жөн. Майлы тамақты көп жегеннен денсаулық сыр беруі мүмкін. Ұйқы безінің осыншама тамақты қорытуға шамасы жетпейді. Салаттарды, балықтан және құс етінен жасалған тағамдарды көбірек жасаған абзал. Әрине, бауырды да ойлау керек, яғни ішімдіктен мүлдем бас тартқан абзал. Салауатты өмір салтын ұстануда дұрыс тамақтана білудің маңызы зор екенін ұмытпайық.

С.Қабазова,

аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521