Отбасылық бизнестің берекесі мол

2019 жыл – «Жастар жылына» орай ел жастарын қолдауға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда.

Соның бірі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының «Жас кәсіпкер» пилоттық білім беру жобасын атауға болады.

Аталған жоба негізінде ауданда 55 жас білім алып, нәтижесінде 35 жас грант иегері атанып отыр. Олардың қатарында ерлі-зайыпты 25 жастағы Асланбек Ақылбеков пен 24 жастағы Шаттық Бақтығали бар. Жұмыссыз, тұрақты табыстары жоқ олар кәсіпкерлік бағытта тегін білім беретін «Жас кәсіпкер» жобасын естіп, қатты қуанады. Бір ай бойына білім алып, сертификат иеленген екі жас отбасылық бизнес жобасын ұсынып, нәтижесінде 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды.

j

Махамбет жұртшылығына жақсы таныс «Атырау-Махамбет» жолаушылар тасымалдайтын такси тұрағында орналасқан (бұрынғы «OPEN») ғимараттан енді Асланбек пен Шаттық ұсынған тағамдардан дәм тата аласыздар. Кең, жарық, жайлы зал ішінде 14 және жеке бөлмеде 8-10 адамдық орынды қамтитын тамақтану орны балалармен келуге өте ыңғайлы. Себебі мұнда балаларға арналған қажетті құралдармен жабдықталған арнайы бөлме жасақталған.

j

- Біздің үш баламыз бар. Осы орайда, отбасылық бизнесіміздің өркендеуіне көмектесіп жатқан ата-аналарымызға алғысымыз шексіз. Үйде де, түзде де қолдау көрсетіп отыратын жанашыр жандар барда кәсібіміздің алға басарына сенімдімін. Жалпы, шынайы ниетпен жасалған қандай да істің берекесін көруге болады. Біз келушілерге деген ыстық-ықыласымызды тағамдарымыз арқылы көрсете алсақ деймін. Сонда ғана адамның көңілі жай, ішкен асы сіңімді болады, - дейді Шаттық Бақтығали.

j

Түскі мезгілден бастап кешкі уақытқа дейін халыққа қызмет көрсететін тамақтану орнында кәуап, донер, пицца, бешбармақ, палау сынды тағамдармен қатар, шұбат, тәтті сусындар ұсынылады.

j

Ендеше, «Мах Food»-қа барып, Асланбек пен Шаттықтың қолынан шыққан тағамнан сіз де ауыз тиіп көріңіз.

Б.САПАРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521