ads_hero

Аудан әкімі Әлем чемпиондарын қабылдады

Аудандық әкімдікте өткен салтанатты жиынға бір топ бөлім басшылары мен мамандары, аудандық мәслихат депутаттары да қатысты.

a

Жиынды аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлының өз жүргізіп, чемпиондарымызды жеңісімен құттықтады:

-Биылғы жыл ауданымыздағы спорт саласы үшін өте табысты жыл болды деп сеніммен айта аламыз. Күні кеше ғана аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жарты ғасырлық мерейтойын атап өтіп, жылдар бойғы жеңістерімізді жіпке тізіп, спортшыларымызды мақтанышпен еске алғанбыз. Ал бүгінде сол қуаныштың жалғасы болып Рахия Әділгерейқызы қол күресінен «Әлем чемпионы» дәрежесін алып, Аида Аманқосқызы муай-тайдан Қазақстан Республикасының кубогінде 1 орын иеленіп, Батырхан Рамазанұлы Әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып келді. Спорт қашанда адам баласының мерейін тасытып, абыройын асқақтататын, адал еңбегің көрініп, маңдай терің төгілетін сала. Сіздердің жеңістеріңіз ол ауданның, облыстың, еліміздің мерейі. Халық пен бапкерлеріңіздің сенімінің ақталғаны. Сондықтан, алдағы уақытта да қанжығаларыңыз тек олжаға толып, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, сіздерді үлгі тұтып, іздеріңізді жалғауына өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенемін, деп спортшыларға арнайы Алғыс хат пен естелік сыйлықтарын тарту етті.

h

a

Сонымен қатар, өз кезегінде аудан әкімі Ж.Бахуұлы облысымыздағы «Қайсар» спорт клубының және д облыстық спорт басқармасының муайтайдан аға жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының спорт шебері Нұрберен Әміржановқа ерекше алғысын айтты.

a

Өткен жылы ғана осы азаматтың ауданымызға алғаш рет муайтай спортын алып келуі, игі бастаманы ары қарай жалғастырып, бапкерлер тағайындауы, бір жылға жетпейтін уақытта өңірімізге жаңа чемпиондарды сыйлап отыр.

a

А.Сатаева

Кенжегул

ads_hero