ads_hero

Тазалық айлығы қорытындыланды

«Өнерпаз» мәдениет үйінде «Туған жердің тазалығы баршаға ортақ» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, «туған ауылымыз жаңарып, жасарып, жайнай түсуі үшін не істей аламыз?» деген тақырыпта тамаша ой-пікірлер айтылды.

Шара барысында аудан әкімі Жәрдемғали Бахуұлы тазалық акциясына белсенді қатысып, ауыл тазалығына атсалысқан мекеме-ұжымдар, кәсіптік нысандар мен жеке азаматтарды марапаттады. «Таза аула» аталымына Ортақшыл ауылының тұрғыны Асылбек Отаров ие болды.

tazaayla3

«Таза ауыл» аталымына Сарайшық ауылы лайық деп танылды.

tazaayla4

«Алтын-ай» бөбекжайы «Белсенді мекеме» атауын иемденді.

tazaayla5

Махамбет ауылының тұрғыны Сәлімжан Жайықов «Белсенді ардагер» атанса, «Болашақ» мейрамханасы «Белсенді кәсіпкерлік нысан» аталымына ие болды.

tazaayla6

Тазалық айлығына аудан жастарын жұмылдыра білгені үшін «Жастар» орталығының директоры Жандос Дүйсембаевқа алғыс хат табыс етілді.

t

Аудан әкімінің орынбасары З.Мұқаш көрінген жерге қоқысын тастай салатындардың көптігінен көше тазалықшыларының еңбегі еш кетіп жатқанына қынжылыс білдірсе, «Білім Болашақ» мекемесінің өкілі А.Болатова тұрғындарды қалдықтарды сараптап жинауға шақырды. Ардагер А.Құрманбаев Сарайшықтың жеңісі – бүкіл ауыл тұрғындарының жеңісі екенін атап өтті.

t

t

Марапат иелерінің құрметіне арнайы шақыртылған Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармонияның өнерпаздары әсем әнге салып, салтанатты шараны тамашалаушыларға керемет көңіл-күй сыйлады.

Б.СҮЙЕУОВА

Кенжегул

ads_hero