ads_hero

Лагерьлердегі өрт қауіпсіздігі

Міне, жаз келіп, демалыс кезеңі де басталды. Бұл кезде өрттер мен басқа да төтенше жағдайлардың пайда болуының жоғары қауіпті кезеңі екенін ұмытпағанымыз дұрыс.

Жазда көп балалар өзінің жазғы демалысын демалыс лагерьлерінде өткізеді. Көбінесе олар табиғат аясына жақын жерлерге орналасуға құштар. Өйткені, балаларға лагерьдің орман маңында орналасқаны өте ұнайды. Орман табиғаты өз көркемділігімен, айбындылығымен қуантады. Жаз мезгілінде жақсы демалуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар балалар мен үлкендер үшін жазда орманда жүру өте үлкен жауапкершілікті талап ететінін естен шығармайық. Жаз кезінде өрт оқиғалары көп болатындықтан орман алқабында да от-жалынның пайда болуына түкке тұрмайтын кішкентай ұшқынның өзі жеткілікті. Табиғат аясында, орманда алау жағып, дос-жаранмен көңілді уақыт өткізгенді тәуір көреміз. Мұны ел-жұрттың бәрі жақсы біледі. Бірақ осындай демалысты қалай ұйымдастыру керегін білудің өзі аса маңызды. Алауды жағу кезіндегі сақтауға тиісті қажетті ережелердің бірі – бұл алауды су көздерінің маңында жағу, алау отының орнын құрғак шөптен тазартып, тазалау, салбыраған бұтақтардың маңында мүлдем алау, от жақпау, егер жақсаңыз, алдымен алау орнын қазып және таспен қалау қажет. Табиғатта өрт пайда болған жағдайда шамалы жанудың маңынан өтіп кетпей, мүмкіндігінше оны сөндіруге байланысты шаралар қабылдаңыз. Отты алдымен жасыл бұтақтардан жасалған сыпыртқымен, қап матасы, брезент матасымен, киімдермен сөндіріп көріңіз. Отты жауып, оны шетке сыпырып тастап, кішкентай от ошақтарын аяқпен басып тастау керек.

Тағы бір көп тараған тәсілдің бірі – оттың үстін құм-топырақпен көміп тастау. Егер өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, құтқарушылардан көмек сұрап, тез арада ол қауіпті орыннан кетуге тырысыңыз. Балалар лагерьлерінің өрт қауіпсіздігіне, оның қауіпсіздік талаптарын сақтауына және өртке қарсы шараларын уақтылы орындауға лагерьдің басшысы жауап береді. Жеке жайлардың өрт қауіпсіздігін, өртке қарсы ережелердің талаптарын қатаң сақтауға және уақытында өртке қарсы іс-шараларын өткізуге, лагерь басшының бұйрығымен осы жауапкершілік артылған лауазымды тұлғалар (тәрбиеші, балалар шығармашылық үйірмесінің жетекшісі, асхана және қойма меңгерушісі) жауапты екенін ұмытпаңыз. Балалар сауықтыру лагерінің бастығы тәрбиелеушілермен, медицина және тәрбиеші, күтуші қызметкерлер құрамымен өрт қауіпсіздік ережелерін оқып-үйренуге, жеке жайларды қажетті өрт сөндіру және байланыс құралдарымен қамтамасыз етуге, кезекші қызметкерлерді электр жарығын сөндірген жағдайда электр қол шамдарымен қамтамасыз етуге, балалар және қызметкерлер болатын ғимараттарда пиротехникалық бұйымдар, тез тұтанғыш сұйықтық, жанғыш сұйықтық және басқа тез өртенгіш заттар мен маталарды сақтауға жол бермеуге міндетті. Сонымен қатар өрт пайда болған жағдайда балалардың, адамдардың және материалды құндылықтардың эвакуациялау жоспарымен, осыған сәйкес нұсқаулықтармен қамтамасыз етуге тиіс.

Осыған орай жарты жылда бір рет оларды машықтау бойынша тәжірибелік сабақтар өткізуге, әр ғимаратты, үй-жайды, лагерь аумағының учаскесін өрт пайда болуы мүмкін жағдайда өрт сөндіру және байланыс құралдарымен, дабыл беру жабдықтарымен, көрнекі үгіт-насихат құралдарымен, өрт қауіпсіздік белгілерімен, адамдарды хабарландыру жүйелерімен қамтуға және олардың жарамды жағдайын қамтамасыз етуге жауап береді. Кезекшілікке тұрған қызметкерлер демалыс лагеріндегі балалардың санын нақты білуі, алғашқы өрт сөндіру және телефон байланысының болуын және пайдалануға дайындығын жіті тексеруі тиіс. Лагерь аумағында, ғимараттарындағы арнайы орындардан басқа жерлерде шылым шегуге, от жағуға, қоқыс өртеуге, пиротехникалық заттарды қолданып, отшашуларды атуға, ғимараттарға және су көздеріне өту және кіре беріс жолдарын қазуға тыйым салынады. Жиһаздарды орналастыру эвакуациялық жолдарды бітеп тастамауы, адамдардың еркін өтуіне кедергі жасамауы тиіс. Лагерь жетекшісі (немесе оның орнын басатын тұлға) өрттен қорғау жүйелерін штаттық жаттыққан мамандардың күшімен білікті пайдалануын қамтамасыз етуге, оларды жұмысқа жарамды жағдайға келтіруге тиісті шараларды тез қабылдауға міндетті.

Р.ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны.

Super User

ads_hero