Келісім-шартпен жұмысқа барғыңыз келе ме?

Жуырда «Өнерпаз» мәдениет үйінде Атырау облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті тапсырмасына сай подполковник Марат Измагамбетов келісім-шартпен әскери қызметке шақыру жайында Махамбет ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ол келісім-шартпен жұмысқа кірудің артықшылықтары, еңбекақысы жайлы кеңірек айтты. Жұмысқа кіретін азаматтардың әскер қатарына барып келген болуы, тіпті 9 сыныпты бітірген болса да жарайтынын меңзеді. М.Измаганбетовтің айтуынша, келісім-шартпен қызмет ететін әскери қызметшілердің еңбекақысы 2018 жылдан бастап 80000 теңгеден жоғары, арнайы қызмет жағдайына қарай жалақысына қосымша үстемақы да қосылады. Тұрғын үй қорында қызметтік тұрғын үй болмаған жағдайда тұрғын үйді жалдауға арналған ақшалай төлемақы(мөлшері отбасы мүшелерінің санына, жұмыс орнына байланысты) төленеді. Мәселен, Атырау қаласында үй жалдауға бір отбасы мүшесіне 30 мың теңге. Іссапар кезінде қосымша қаржы төленеді. Мемлекеттік мереке кезінде сөгіс алмаған әскери қызметшілерге 1 айлық жалақы деңгейінде сыйақы беріледі.

Жылына бір рет екі айлық еңбекақы деңгейінде сауықтыру жәрдемақысымен бірге 40 күн есебінде еңбек демалысы беріліп жүр. Оған қоса сырттай жоғары оқу орнында оқитын әскери қызметшілерге оқу демалысы, жанұя жағдайына байланысты демалыстар да беріледі. Демалыстың барлық түрінде де толықтай еңбекақысы жүріп, төленетінін қаперлеймін. 2018 жылдан бастап тұрғын үйге берілетін қаражат «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ («Жилстройсбербанк») арқылы жинақталуда. Махамбет ауылының тұрғыны А.Мухамбеталиев «келісім-шартпен жұмысқа кіру үшін қандай мамандық керек? Қандай мамандыққа оқыған дұрыс?» деген сауалын тастады. Оған подполковник «ешбір мамандыққа оқудың қажеті жоқ. Тек әскерге барып келсе, тіпті 1 айлық ақылы әскери-техникалық мектепті бітірсе де жетеді» деп жауап берді. Келісім-шартпен жұмысқа шақыру жөніндегі жиналыстар одан әрі Бейбарыс, Алмалы ауылдық округтерінде жалғасты.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521