ads_hero

Мемлекеттік қызметші екенсің, мінезіңді түзе

Қазақстан Президентi — Н.Назарбаев мемлекеттiк қызметшiге мемлекеттi нәтижелi басқару үшiн қажетті қасиеттердi атап көрсеттi.

Бұл жоғары моральдық жауапкершiлiк, кәсiби бiлiм, оны тәжiрибеде қолдана бiлу, адалдық, ақ ниеттiлiк, белсендi өмiр ұстанымы.

Мемлекеттiк қызметтегi әрбiр адам өз елiнiң патриоты болу тиiс. 2006 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгiзiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнде мемлекеттік қызметшілердің қызмет уақытында және қызметтен тыс мезгілдегі мiнез-құлық стандарттары анықталған. Меритократия принципiне сәйкес қызметтiк саты бойын- ша жоғарылату сiңiрген еңбегi мен жетiстiктерiне, қабiлетi мен кәсiби дайындығына негiзделуі тиіс. Бiздiң елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мемлекеттiк қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» заңдар жұмыс жасайды. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» заңына сәйкес -сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті өз құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi мен лауазымды адамдар жүргiзуге мiндеттi. Бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет және басқа да мәселелер саласында бөлімнің қызметi туралы есебi мен сенім телефондары жария етілді. 2017 жыл және 2018 жылдың өткен мерзiмi бойынша бөлімнің қызметкерлерiмен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi анықталмады. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттiк қызметтiң имиджiне терiс әсер етедi. Азаматтардың сенiмiне нұқсан келтіріп, нарықтық экономиканың дамуына қауiп төндiредi. Сондықтан әрбiр тұлға жемқорлық iс-әрекеттер болдырмауға саналы түрде өз үлесiн қосқан кезде мұндай келеңсiз құбылысқа қарсы тұруға болады.

Ғибрат МЫРЗАҒАЛИЕВ,

аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Super User

ads_hero