ads_hero

Ауданға жаңа әкім тағайындалды

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Махамбет аудандық мәслихат депутаттарына өз еркімен лауазымын босатқан Сырым Рысқалиевтің орнына жаңа аудан әкімінің кандидатурасын ұсынды.

Аймақ басшысы С.Рысқалиевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі. Сондай-ақ, депутаттарға ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа аудан әкімі Жәрдемғали Ахметовтің кандидатурасын таныстырды. Мәслихат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдады.

Жәрдемғали Ахметов - 1984 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік қызметте ұзақ жылғы еңбек өтілі бар. 1976-1978 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери міндетін өтеген. 1984-2012 жылдары аралығында Жылыой ауданында қатардағы экономистен бастап аудан әкімінің орынбасарына дейінгі лауазымда мемлекеттік қызмет атқарған. 2012 жылы Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды. 2013 жылдың мамыр айында Атырау облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына басшы болды. 2013 жылдан күні бүгінге дейін Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет етті.

Өз тілшіміз.

Super User

ads_hero