ads_hero

Еңбекпен қанау – қылмыс

Адамды саудаға салу-бүгінгі күні қылмыстың дәл осы түрі ғаламдық проблемаға айналып, жұмыр жер бетіндегі барша жұртты толғандырып отыр. Әлем елдері соңғы кездері қоғамды шарпыған қылмыстың осы түрімен бірлесіп күресуді қолға алға бастады.

Соңғы уақыттары адам саудасының ішінде еңбекпен қанау деңгейі анағұрлым жоғары тұр. Жасыратыны жоқ, адам саудасының әрбір жетінші тұрғыны кәмелетке толмаған жас қыз балалар, жаңа туған нәрестелер. 2009 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің бастамасымен Астана қаласында «Қорғау-Астана» қоры жанынан адам саудасы құрбандарына арналған уақытша тұру орталығы жұмыс істей бастады.

ҚҰРБАН БОЛУДАН САҚТАН!

А дам сату - барлық қылмыстың жантүршігерлік фактісі. Бұл аңыз әңгіме емес. Мәселен, жыныстық эксплуатация, мәжбүрлі еңбек, қарыздық құлдық, балалар еңбегін пайдалану, үй жағдайындағы құлдық, қайыршылық, қару-жарақ құрылымдарында адамдарды күштеп пайдалану, органдар мен тіндерін трансплантациялау үшін адам сату бәрі де жаныңды түршіктіреді.

Құрбандарды бас бостандығынан заңсыз айыру, зорлық-зомбылық пен қорқыту тән. Құлдыққа әркім әрқалай жолмен түседі. Жастарды «айлығы жоғары, бар жағдайы жасалған, некеге тұруға, жоғары білім алуға мүмкіндік мол» деген ұсыныстармен еліктіреді. Мұндай қауіпке 18 жасқа дейінгі жастар мен 30 жасқа дейінгі жас әйелдер ілігеді.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар 

Super User

ads_hero