Әлеуметке бет бұрмай, әлеуетіміз жақсармайды

-Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтіп, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев партияның алдына бірнеше айқын әрі нақты тапсырмалар мен міндеттер қойды.

Сондықтан біз бүгін алдағы уақытта халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жасау мақсатында міндеттерімізді айқындағалы отырмыз,-деді партия активі жиынын кіріспе сөзбен ашқан аудандық филиал төрағасы Жәрдемғали Бахуұлы. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – партия төрағасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі тапсырмалар туралы «Нұр Отан» партиясы Махамбет аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Болатұлы баяндады.

–Ең алдымен, Елбасымыздың саясатымен нақты қол жеткізген жетістіктерімізге тоқталайын. Еліміздің экономикасы айтарлықтай өсті. Сыртқы сауда айналымының көлемі 9 еседен астамға артты. Қазақстанға шетелден 320 миллиард долларға жуық тікелей инвестиция тартылды. Азаматтарымыздың кірісін 16 есе көбейттік. 141 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бүкіл елімізде әлеуметтік маңызы зор жаңа инфрақұрылымдық нысандар бой көтерді. 1 400 заманауи аурухана, емхана мен амбулатория, 2 865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақ­шалар ашылды. Мұның бәрі – бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. Nur Otan мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін ақтап келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы алдағы 10 жыл мемлекетіміздің дамыған 30 ел қатарына қосылуы үшін шешуші кезеңге айналатынын баса айтты, келешек көкжиегіне үңіле отырып, сонымен бірге, ағымдағы міндеттерді де ұмытпау керектігіне назар аудартты.

Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521