Депутат Серік Сейдуманов Сарайшықта

Мәжіліс депутаты Сарайшыққа келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Атырау облысындағы іс-сапарларын бастады. Бүгін Мәжіліс депутаты Серік Тұрарұлы Сейдуманов Махамбет ауданы Сарайшық ауылдық округінде болып, Сарайшық музей қорығының жауhар жәдігерлерімен танысты.

Мәжіліс депутатын аудан әкімі Жәрдемғали Ахметов, аудандық мәслихаттың депутаттары мен белсенділері бастап жүрді. Халық қалаулысының мақсаты 6 шақырылымдағы Мәжілісті4 сессиясында мақұлданған заңдарды таныстыру, мақұлданған құжаттар туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. Ғылым докторы Серік Тұрарұлы Сарайшық музейінің жұмысымен танысып болысымен, Сарайшық қалашығында жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарын көруге асықты. Ескі Сарайшық қалашығы басына келген мәжілісмен алдымен осында 50 –ге жуық қазба жұмыстарын жүргізіліп жатқан жоғары оқу орындарының студенттері мен жергілікті жұмысшы мамандармен кездесіп жұмыс барысымен танысты. Ғылым докторы Серік Тұрарұлы қазба жұмыстарының басында жүрген ғылыми қызметкерлермен кездесіп пікірлерін тыңдады. Сұрақтарына жауап қайтарды.

serik0

Парламент депутаты Серік Сейдуманов өз әңгімесінде: «Парламент Мәжілісінің депутаттары жазғы мезгілде халықпен кездесу мақсатында аймақтарды аралайды. Мұндағы мақсат – мәжілістің 4 сессиясында мақұлданған заңдарды халыққа түсіндіру. Екіншіден, жергілікті жердегі проблемалық мәселелердің жай-күйін анықтау және депуттаттық тараптан оларды шешуге күш салу. Соңғысы, Елбасының жолдауы, Президентіміздің тапсырмалары қандай деңгейде орындалып жатыр, осыны анықтау мақсатында келіп отырмыз. Біз бүгін тарихи орын, Алтын Орданың астанасы – Сарайшыққа келіп тұрмыз. Сарайшық – біздің еліміздің ең құнды байлығы. Бұл жер қазақстандықтар үшін өте киелі жер саналады. Сонымен қатар археологиялық қазба жұмыстарға және қайта жаңғырту істеріне бар күш-жігерімізді салуымыз керек, - деген пікірін айтты.

serik

s

«Сарайшық» тарихи-мәдени музей қорығының директоры Әбілсейт Мұқтар өз ойын былай деп түсіндірді: «Біздің қолымызда бұл күнге дейін Сарайшықтың картасы болған жоқ. 2017 жылы Атыраудағы ескерткіштерді қорғау мекемесінің басшысы Киепиев Мосвкадан 1861 жылғы картаны тапты. Сол карта бойынша Жайық Сарайшық қаласынан 1 километр қашықтықта болған екен. Ал 1730 жылы Гербер келген кезде Жайықпен екі орта 5 километр болған екен. Осындай айырмашылық болыпты» Мәжіліс депутаты Серік Тұрарұлы Сейдумановтан Сарайшық қалашығы туралы алған әсері жайын сұраған едік.Серік Тұрарұлы қазба жұмысын заманауи техникамен қамтылуының нашарлығын, Жайық жағасындағы бөгесін жұмысына да көңілі толмайтынын айтты. Ғалым пікірінше бұл жаға бөгесіні сонау 93-94 жылдарғы Жайық өзенінің тасқын суының өлшемімен салынбаған. Мәжілісмен сонымен қатар Сарайшық қалашығын, қала қылып, әлемдік туризим картасына енгізу үшін республикалық бюджеттен жүйелі түрде қаржы қарастырып отыру қажеттігін айтты. Мұны депутаттық сауал ретінде Парламентте мәлімде жасайтындығын да баян етті.

Б.СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521