ads_hero

Қызметкер күлкі болмай, үлгі болсын!

Таяуда аудандық әкімдікте Әдеп жөніндегі мәжіліс өткен болатын. Оған аудан әкімі аппарат басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл, аудан әкімі аппараты қызметкерлері, округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.

Әдеп жөніндегі мәжілісті аудан әкімі аппарат басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Нұрлан Серікұлы ашып, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы Р.Тұңғышбаевтың №04-1-4/1711(6.08.2019) санды хатындағы мемлекеттік қызметшілердің жасаған әкімшілік-құқық бұзушылықтары туралы мәселе қаралып отырғанын, одан әрі осы департаменттің №04-1-4/1738(8.08.2019) санды хатындағы ұсыныстарды жүзеге асыру қажеттігін де меңзеді.

Әр мемлекеттік қызметші жан-жақты дамыған тұлға ретінде үнемі салауатты өмір салтын ұстанып, отбасы құндылықтарын насихаттағаны дұрыс. Бұдан басқа жұмыстан тыс уақытта рухани жан-байытып, мәдени-көпшілік орындарға баруды да назардан тыс қалдырмауы тиіс. Сонымен қатар қайырымдылық шараларына белсене араласып, қоғамдық қызметке, мүмкін болса, волентерлікпен айналысса да артық етпес еді. Ішімдік ішкен күйде қоғамдық орындарға барып, өзгенің ар-намысына тиіп, заңнаманы бұзу, азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды жат әрекеттер көрсетпеген абзал. Бірақ осындай жат қылықтар жиі байқалып жүргенін жасырмаймыз. Әрқайсымыз жұмыстан тыс уақытта іс-әрекет пен мінез-құлқымызға тікелей жауаптымыз. Кез келген жағдайда әдеп қағидаттарын сақтау-қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің алтын діңгегі. ҚР заңнамасы мен мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары белгіленген. Құқық бұзушылықтың барлық түріне төзбеушілік те оның бір түрі.

Мемлекеттік қызмет атқару-қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қызметшіге моралдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қойылып отыр. Алайда аталған нормаларға қайшы мемлекеттік қызметшілерге көптеген әкімшілік заңнама бұзушылықтарға жол берілген. ҚР Бас прокуратурасы мемлекеттік қызметшілермен жасалған 350 әкімшілік-құқық бұзушылықтар анықтаған. Оның ішінде ауданда 27 әкімшілік-құқық бұзушылықтар анықталып отыр. Олар атап айтар болсақ, айыппұл-8, ескерту-7, әкімшілік қамау-2. Бұл мемлекеттік қызметтің имиджіне нұсқан келтіріп, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін төмендетеді. Әр мемлекеттік қызметші іскерлік әдепті, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауы тиіс.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2018-2020 жылдары мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуы бойынша әкімшілік деректер банкіне мониторинг нәтижелері туралы хат жолданған-ды. Жүргізілген талдау қорытындысында мемлекеттік қызметшілер тарапынан әкімшілік жазаға әкелетін деректер анықталған. Мәжілісте қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Әдеп жөніндегі мәжілісті аудан әкімі аппарат басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Қалиев қорытындылады.

А.Қуанышқалиева

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero