Жастар ақын Жәнибамен жүздесті

Поэзия-ақсүйек жанр.

Аудандық Жастар ресурстық орталығында ақын, айтыскер Махамбет ауданының «Құрметті азаматы» «Халық таланттары» республикалық телевизиялық фестивальінің лауреаты Жәниба Қарасаевамен жастардың келелі кездесуі өтті.

 Поэзия-ақсүйек жанр. Көңілің – аппақ, пейілің - кең, жүрегің - нәзік, көкірегің - ашық, өзің - айтқыш болмаса –жолын алып жүруің екі талай. Ал, Жәниба анамыз бұл қасиеттерді бойына дарытып қана қоймай, берік ұстанған адам. Кездесуді жүргізен Дін істері басқармасының ақпараттық талдау орталығының маманы С.Құжырбаев кездесудің мақсаты: «Жастарды жерлестанымал тұлғалармен таныстыру, оларды өнегелі жолын ұлгі ете отырып, ақыл-кеңесін тыңдау, заманауи технологияның тереңіне бойлап кетен жас буынды рухани әлемнің байлығымен толықтыру екенін айтып өтті.

janiba1

Өзінің ақындық қасиетін 6 жасынан бастап таныған Жаниба апай кейін қара сөздің жілігін шағып, майын ішкен, тіс қаққан шеберлер мен шешендер жиналған ақындар айтысында да өзінің ерекше қолтаңбасын қалдырды. Қашанда ұлтқа, тілге, дінге жанашыр болып жүретін ел анасы бұл жолы да жастарға қазақ тілінің мәртебесін көтеруде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», жұмыла кірісу керектігін ескертті. «Ана тілін сыйламаған адам ұлтына адал қызмет ете алмайды» деген жалынды сөздерімен, жастардың бойына жігер дарытты. Сонымен қатар «қазақ әйелдерінің», оның ішінде қыз баласына деген құрметтің құны қандай болатындығын, ананың ақ сүтінің киесін қара сөзбен де, қара өлеңмен де жеткізіп жүрген ақын анамыз ер жігіттер қауымына намысшыл болуды, оның ішінде «арзан намыс, сасық кеуде» емес мәдениет пен тәрбиені биік қоя білетін намысшыл азамат болуды тіледі. «Бұлақ көрсең – көзін аш» демейме, бойындағы тума талантын Жаниба Қарасаеваның ақындық сыныбынан шыңдап, арттырып, бүгінде Республикаға танымал азулы жас ақындардың қатарында жүрген Қарлыға Темірғали, Ұлмекен Шәукен, Рақымжан Асқар сынды шәкіртерінің жетістіктерін де жастарға үлгі етіп, ақын ана үлкен мақтанышпен айтты. Жиын соңында Жәниба апайымызға жастар атынан естелік сыйлық ұсынып, суретке түсті.

А.Сатаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521