ads_hero

Бала – өмірдің жалғасы

«Жауқазын» бөбекжайының тәрбиешісі Ғалия Бубетаева ата-аналармен «Отбасы айнасы» іскерлік ойынын өткізді. Алдымен шара слайд арқылы тәрбиеші сөзімен басталды.

Расында да атам қазақ «Бала – адамның бауыр еті», «Балалы үй — базар» дейді. Өйткені, бала – өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты. Сол себепті іскерлік ойынды тәрбиеші Ғалия «Мақалдың жалғасын тап!» ойынымен бастады.

Одан әрі ата-аналар «Анықтама» бөлімінде педагогикалық жағдаяттар шешті, тәрбиешілер кеңесші рөлін атқарып, сауалдарға жауап берді. Педагогикалық тренинг те сәтті өтті. Мұнда мәнерлеп сөйлеу, мимикалық реакцияға аса мән берілді. Ол сөз қадірін ұғыну, білмегенді түсіндірме сөздік арқылы түсіндірді. Ата-ана әр уақытта өзін ұстау, эмоционалдық қалпын сақтай білуге тиіс, осының барлығы адамның сөзі мен мимикасынан анық байқалады. Одан әрі ата-аналармен «Жақсы және жаман» ойыны ойналды. «Алаң» пікірталасында олар «Жауқазын» балабақшасы сізге ұнай ма? Несімен ұнайды?», «Сіздің балаңыздың дамып- жетілуіне балабақшада жүргізілетін қандай жұмыс бағыты пайдалы және қызықты деп есептейсіз? «Балаңызға қандай іс-әрекет түрі көбірек ұнайды немесе ұнамайды?», «Балаңыз үйге барғанда балабақша жөнінде әңгіме айта ма? Ол әңгімені сіз дұрыс деп ойлайсыз ба?» деген сауалдарға жауап берді. Тәрбиеші Ғ.Бубетаева іскерлік ойынды қорытындылап, қатысқан ата-аналарға алғысын жаудырды.

А.ТЕКЕБАЙ.

Super User

ads_hero