Тазалық айлығы басталды

«Тазалық – денсаулық пен әсемдік кепілі». Өзіміз өмір сүріп, күнделікті ауасын жұтып отырған қоршаған ортамыздың тазалығын сақтаудың маңызы зор.

Осыған орай ауданымызда көктем және күз айларында ұдайы сенбілік ұйымдастыру жақсы бір дәстүрге айналып келеді. Биыл да күзгі тазалық айлығы жарияланып, елді мекендерді қоқыстан арылту, құрылыс жұмыстары жүргізіліп кеткен орындарды тегістеп, қалдықтарын жиыстыру, көшелерді абаттандыру жұмыстары басталды. Сенбілікке бөлім басшылары, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері белсене қатысып, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ауылдың тазалығын сақтауға үлестерін қосты. Махамбет және Сарытоғай ауылынында жүргізілген сенбілікке 70 мекеме, 350-ге жуық адам, 2 трактор, 6 арнайы автокөлік қатыстырылып, 69 тоннаға жуық түрлі қоқыс жиналып, тиісті полигондарға жеткізіліп, төгілді. Жалпы ауданның барлық ауылдық округтерінде өткен сенбілікке 126 ұжымнан 1488 адам атсалысқан. Тазалық күніне арналған шаралар 21 түрлі арнайы техникамен қамтамасыз етілген. Сенбілік аясында 2568 шаршы метр жер алаңы тазартылып, 1497 тонна қоқыс шығарылды.

Б.СҮЙЕУОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521