ads_hero

Бұрынғы сайланым депутаттарын қабылдады

«Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында мәслихат аппараты және депутаттарының қатысуымен өткен кездесуді кіріспе сөзбен ашқан аудандық мәслихат хатшысы М.Мырзашев мәслихаттың бұрынғы сайланымдарының бір топ депутаттарына облыстық мәслихаттың «Алғыс хаттарын» табыстады.

Марапатталғандар кездесуге шақырғаны үшін алғыстарын айтып, көкейлерінде жүрген өз ойларын да ортаға салды. Ұзақ жылдар бойы ветеринария саласында басшылық қызметте істеген зейнеткер Аманғали Бейсов қазіргі ат бәйгесі алаңының қашықтығынан, ұлттық ат ойыны жарыстарын тамашалауға көпшіліктің, соның ішінде жасөспірім балалардың бара алмайтынын айтып, Махамбет ауылының тұсындағы бұрынғы бәйге алаңының орнын қайтадан жасақтаса деген ұсынысын білдірді, Мемлекеттік қызмет ардагері. Кәсіби инженер Серікқали Габдуллин елді мекендерді көгалдандыру жұмысын бастағанда бірінші кезекте бөлінген жерлері қоршалып, су жеткізілгеннен кейін ғана желектер отырғызуға көңіл бөлу, сондай-ақ елді мекендердегі барлық таза су қондырғыларын «Атырау су арнасы» мекемесіне қосу жөнінде ұсынысын айтты.

Бұл күнде облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің бірінде мамандығы бойынша қызмет атқарып жүрген Гүлназира Жайлашева денсаулық мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісті. Ал кәсіпкер Шолпан Торбаева мен «Дастан» шаруа қожалығының жетекшісі Ақтұрлан Ерманов Елбасының шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша қолдау көрсетіп отырғандығына тоқталды.

Е.ҒАЛИЕВ.

Super User

ads_hero