Буратино балалармен бірге

«Алтын-Ай» балабақшасының «Құлыншақ» тобы жаңа жылдық ертеңгілігінде «Буратино» ертегісі бойынша сахналық қойылым көрсетті.

Ата-аналар мен бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаған балабақша тәрбиешісі Венера Мұқанова өзіне аңтарылып тұрған балақайларды жылы сөзімен бірден баурап алды. Алайда, көңілде алаң бар. Өйткені, ортадағы сән-салтанатымен мүлгіп тұрған шыршаның шамы жанбаған. Шыршаны белінен ораған шынжыр құлып тұр. Не істемек керек? Осы кезде сықырлап есік ашылып, ішке Буратино енді.

Шыршаны айнала жүгіріп, балалармен амандасып шықты. Ал балақайлар болса, жапа – тармағай: «сиқырлы алтын кілтті тауып әкеліп, құлыпты ашпасақ, шырша шамдары жанбайды»деп жан-жақтан жамырасып жатты. Жағдайды түсінген Буратино қашанда болмасын деп, ылғи жаманшылық ойлап жүретін Қарабас-Барабас шалдың жымысқы әрекеті екенін сезе қойып, бір амалын тауып, алтын кілтті әкеліп, шырша шамын жағуға бел буды. Ертегі кейіпкерлері Буратино мен Мальвина алтын кілтті тауып әкелгенше, бүлдіршіндер уақытты құр босқа өткізбей, өз өнерлерін ортаға салды. Көп ұзамай алтын кілт те табылып, шырша шамы жағылды. Қуыршақтар биін билеген бүлдіршіндер аяз ата мен ақшақарды ортаға шақырды. Өлең оқып, ән салып, сыйлықтарын алды. «Дәлдеп лақтыр», «Қар жинау» ойындары да тартымды да қызықты болды. Ертеңгілікті тәрбиеші Венера Мұқанова қорытындылады.

Б.ҚОЖАНОВА,

ата-ана.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521