Үміткер көп, үздік біреу

Еліміз үшін берекелі де мерекелі болған 2018 жылы ауданымыздың дамуына үлестерін қосқан өз ісінің үздіктері жыл соңында ұлығыланды.

Жыл үздіктеріне арналған салтанатты шара «Өнерпаз» мәдениет үйінде жоғары деңгейде өткізілді. Туған жеріміздің алға жылжуы жолында жыл бойы аянбай еңбек еткен майталман мамандар «Жыл үздігі - 2018» аталымымен марапатталды. Ауданның барлық қоғамдық мәдени өміріне белсене араласып, жастық шақтың жалынды сәттерін ел игілігіне жұмсап жүрген әр саланың үздік жас қызметкерлері де марапаттан құр қалмады.

Ауданның 90 жылдығына орай ауылдық округтер арасында ұйымдастырылған «Шежіре тұнған құт мекен – Махамбетім!» атты өнер фестивалінің қорытындысымен жүлделі ІІІ орынға Сарайшық ауылының, ІІ орынға Ақжайық ауылының, І орынға Ақтоғай ауылының, ал бас жүлдеге Есбол ауылының өнерпаздары ие болды. Қалған ауылдық округтердің өнерпаздарына алғыс хат табысталды. Астана қаласында өткен Республикалық «Жыл меценаты» байқауының жеңімпазы Жеңісбай Досқайыров арнайы дипломға, ал айтыскер ақын Серік Қойшығұлов аудан әкімінің алғыс хатына ие болды. Қол күресі спортының шебері, Азия чемпионатының алтын медаль иегері Рахия Молдашева «Жыл адамы» атанды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521