ads_hero

Алтын бесігіңді сағынсаң, ауылға кел

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылы колледжінің базасында «Ауыл өмірі» әлеуметтік жобасы өтті.

Оған Атырау облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын студент жастар қатысты. Жобаның өткізудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың, студент жастардың туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, патриотизмге, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, ауыл өмірінің сан қырлы жағын насихаттау және ауыл шаруашылығына байланысты шаруа қожалықтарының жұмыстарымен таныстыру болды. Өз жерінің тарихын жетік білу, болашақта өз өлкесінің дамуына үлесін қосу – әр жастың басты міндеті. Ауылының тарихымен танысып, білу арқылы өлкетану саласына деген қызығушылықтары артқан жастар көбейіп келеді. Қаланың күйбің тіршілігінен шаршағанда ауылды аңсап тұратынымыз анық. Ауылдың таза ауасы мен ұйыған тыныштығы кімді де болса өзіне тартып тұрады. Қазақ халқы өзінің саналы ғұмырында күн – көріс тіршілігіне қажетті үй- жай салуды, киім- кешек тігуді, тоқуды, азық- түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында пайдаланғаны белгілі. Біздің ауылда осындай қазақшылықтың қаймағын ешқашан бұзған емес. Колледжі базасында мәдени шара ұйымдастырылды.

Ауыл өмірінен шеберлік сыныптар көрсетілді. Өзі жасаған әсем бұйымдарын, ою-өрнегін, басқа да көптеген заттарын алып келіп көрме ұйымдастырған тәрбиеші Зоя Бисенғалиева, анасынан қалған аманаты киіз үйінің қазақы түрде салт-дәстүрге сай бұйымдарымен безендірілген жұмыстарын көрсеткен Салима Сейітқожаева, Зәмзә Хойрошеваның сүйемелдеуімен дәстүрлі халық әндерін тамылжытып орындаған Гүлжан Мукашева, Алма Тапахова, Айнагул Габбасоваларға ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп жатты. Одан әрі бағдарламаға сәйкес «Первомайский» ЖШС-нің базасына саяхат ұйымдастырылды. «Первомайский» ЖШС басшысы Аманжол Есқараев өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған Махамбет ауданының болашағы зор екендігін, ауданның қазба байлығымен қатар топырағы құмайт, жеріне егіс пен мал шаруашылығын тең дамытуға болатынын айтты.

Айнагуль ҚАБЕШОВА,

Өндірістік оқыту жөніндегі директордың орынбасары.

Сарайшық ауылы.

Super User

ads_hero