ads_hero

Қарыз алушыларға көмек көрсетіледі

Мемлекет басшысы Ұлттық Банкке халыққа 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздар бойынша мәселені түпкілікті шешуді тапсырды.

Қазақстанда осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде іс жүзінде жеке тұлғалардың баспанамен және өзге жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген барлық валюталық ипотекалық қарыздары теңгеге ауыстырылатын болады.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері шетел валютасында емес жеке тұлғаларға шетел валютасында жаңа ипотекалық қарыздар беруге заңнамалық тұрғыдан тыйым енгізілген.

Ол жеке тұлғалардың 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған валюталық ипотекалық қарыздарын Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша теңгемен қайта қаржыландыруды көздейді. Бағдарламаға енгізілген толықтырулар 21 000–нан аса қарыз алушының қарыздарын өтеуге оңтайлы жағдайлар жасайды.

Ипотекалық қарыз алушылар бағдарлама шеңберінде қарызды қайта қаржыландыру туралы өтінішпен өзінің кредит берген банкіне тез арада жүгіну қажет. Бағдарламаға енгізілген өзгерістердің екінші блогы 2004 –2009 жылдардағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған. Бұл бағдарлама шегінде бүгінгі күні 23 000-нан астам қарыз алушыға көмек көрсетілді.

Олар өздерінің жалғыз баспаналарын сақтап, ипотекалық қарыздары бойынша төлемдерін жеңілдете алды. Ақшаны игерудің револьверлік тетігін ескерсек, қайта қаржыландырылған қарыздар саны 2026 жылға дейін шамамен 40 мыңболады деп болжанып отыр.

А. БАҚЫТХАНОВА, ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының қызметкері.

Super User

ads_hero