ads_hero

Алмалыда балабақша ашылды

Қала іргесіндегі Алмалы ауылына қоныстанушылардың қарасы қалың. Ал, құрылыс жұмыстарын бастау үшін жер телімін алу кезегінде тұрғандар қаншама?

Қала іргесіндегі Алмалы ауылына қоныстанушылардың қарасы қалың. Ал, құрылыс жұмыстарын бастау үшін жер телімін алу кезегінде тұрғандар қаншама? Соңғы жылдары Алмалыға халықтың көптеп шоғырлануы-балабақшаға деген сұранысты арттыра түсті. Елбасының 2020 жылы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу тапсырмасы да бұл бағыттағы жұмыстарды жеделдетуге септігін тигізді. Ауылда алыстан «менмұндалап» тұратын 160 орындық «Бұлбұл» бөбекжайын да құрыш білек құрылысшылардың ауданның 90 жылдық торқалы тойына тартуы десе де болады. Жүздері бақыттан бал-бұл жанған кішкентай бүлдіршіндер ашық аспан астында жетіген аспабын алдарына өңгеріп, сазгер Е.Хасанғалиевтің «Келші, келші, балашым!» әнін нәшіне келтіре орындап, жиналған жұртшылықтың жүректерін елжіретті.

Жаңа әлеуметтік нысанның ашылу салтанатында сөз алған мердігер мекеме-«Гранд Мастер» ЖШС директоры М.Лиманов құрылыс жұмысы талапқа сай, сапалы жүргізілгендігін жеткізіп, жаңа бөбекжайдың символикалық кілтін «Бұлбұл» балабақшасының меңгерушісі Г.Жұмиеваға табыстады. Ал, дәстүрлі лента қию рәсімін ауылдағы ардагер ұстаз Б.Нұрғалиева мен аудан әкімінің орынбасары З.Мұқаш орындады. Кіші, үлкен топтарға арналған ойын, жатын бөлмелері қажетті құрал-жабдықтармен, ойыншықтармен қамтылған. Балабақшада бөбектердің алаңсыз ойнап, оқулары үшін барлық жағдай жасалған.

Super User

ads_hero