Жас мамандарға бес үй бөлінді

Жалпы аудан бойынша соңғы жылдары құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.

Жайық өзені жағалауындағы жайлы мекенге тұрақты қоныстануды мақсат еткен жүздеген отбасы өз қаржыларына баспаналарын тұрғызып алса, бюджет қаржысы есебінен көп қабатты алпыс пәтерлік бір үй пайдалануға беріліп, екіншісінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, түрлі санаттар бойынша әлеуметтік топтарға бөлінген тұрғын үй кезегіндегі аудан тұрғындары да кезең-кезеңімен баспаналы болу бақытына ие болуда. Елбасының шалғай ауылдарды дамыту, елді-мекендерге жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында оларға қызметтік пәтерлер бөлу тапсырмасы да тыңғылықты орындалып келеді.

Ауданның 90 жылдығы қарсаңында ине жіптен жаңа шыққандай су жаңа сыңғырлаған бес үйдің үшеуі ауданға жұмысқа келген дәрігер мамандарға берілсе, қалған екі үй білім беру саласына бөлінді. Жаңа қызметтік пәтерлер кілтін иелеріне табыстаған аудан әкімінің орынбасары З.Мұқаш жас мамандардың қызметтеріне сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521