ads_hero

1 қыркүйек жексенбіге түсіп тұр: бұл күні сабақ бола ма?

Биыл 1 қыркүйек білім күні жексенбіге түсіп тұр. Осыған орай еліміздегі барлық мектептерде алғашқы қоңырау соғылады, бірақ сабақ өткізілмейді.

 

"Сап түзеу 1 қыркүйекте өтеді, дегенмен бұл күні мектеп оқушыларына сабақ болмайды", - деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі. "Білім туралы" заңға сәйкес, Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап барады. Білім министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ата-аналардың көпшілігі балаларын мектепке алты жастан жібереді. Егер 2014 жылы алты жасар балалардың 60%-ы мектепке барса, 2018 жылы олардың саны 80%-ға дейін өскен.

Дереккөзі Sputniknews.kz

Кенжегул

ads_hero