«Атамекен» қашанда кәсіпкерге көмек қолын созады

«Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Атырау облыстық филиалының орынбасарлары С.Сарсекенов және С.Жолдыбаевпен кездесу өтті.

Кездесуді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Махамбет аудандық филиалы директоры Б.Рахметов ашып, облыстан келген меймандармен таныстырды. Алдымен сөз алған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары С.Хамидоллаұлы палата ұзақ жылдан бері кәсіпкерлермен тығыз байланыста жұмыс жасап келе жатқанын, өзі құқық саласынан қорғаушы екеніне тоқталды.

k

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында бірнеше сала, оның ішінде ауыл шаруашылығы, экономика, құқық қорғау бағытында салалар барын, кәсіпкерлерге қысым көрсету, коммуналдық қызметтер алдын ала төлем алу, айыппұл салу тіркелгенін, Махамбеттен бір арыз түсіп, ол жіті тексерілгенін, көптеген олқылықтар кездескенін, сол бағытта «Атамекен» төрағасымен, энергетика министрімен кездесу ұйымдастырылып, мәселе түпкілікті шешілгенін мәлімдеді. Енді коммуналдық меншіктегі мекемелер, монополистер алдын ала төлем алмайтын болды. Кәсіпкерге 800 мың, 45 миллион теңгеге дейін айыппұл салған кездер кездесіпті. Түтіндікті лицензиясы бар-жоғына қарамастан тексере беретін. Енді жоғары санатты, 40 орыннан асқан мейрамханалар ғана тексеріледі. Ауыл шаруашылығындағы жерлер конкурс, аукцион арқылы сатылады. Сегіз ай ішінде Махамбет ауданында 1 аукцион, 2 конкурс өткен. Инфрақұрылымы бар жерлерде проблема бар. Соңғы кездері көп өзгеріс енді. Үкімет саясатына орай жер алу, жер нысанасын өзгерту бар. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары С.Мағзомұлы ауыл шаруашылығы бағытында түсінік берді. «Жас кәсіпкер» жобасы басталғанын, биыл 700 грант болжанғанын, оның 60 гранты аудандарға бөлінгенін жеткізді. Оған жұмыссыздар, көпбалалы аналар, жеке кәсібін ашқанына 1 жыл болған жас кәсіпкерлер де қатыса алатынын айтты. Жерді алсаң, оны мақсатты пайдалану керек. Қазір мүмкіндік бар. Мәселен, ертерек егін салса, оның өнімін де алуға болады. Әр теректің өз құны бар. Бір теректің құны 120 мың теңгені құрап отыр. Аграрлық салада субсидия бар. Жылыжай қатынасы да реттелді. Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ж.Пазулов өзін толғандырған сауалын қойса, «Ақжол-Махамбет» мүгедектер қоғамының төрағасы Қ.Құрмашев та көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Әр кәсіпкерге белсенділік керек. «Атамекенге» келсе, біз бағытын көрсетіп беруге әзірміз. Оған тәжірибеміз де жетеді. Жер, су, газ, жарық мәселелері болса да шешіп береміз-деді С.Жолдыбаев. Кездесудің екінші жартысында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының орынбасары С.Жолдыбаев кәсіпкерлермен жеке қабылдау өткізді.

А.Қуанышқалиева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521