Махамбет селосы, Абай көшесі 10. +7 (71236) 2-11-34 zhayk-shugylasy@mail.ru

Бейбарыста қайырымдылық сөресі ашылды

 Қасиетті Рамазан айында Бейбарыс ауылындағы «Амангелді» дүкенінен қайырымдылық сөресі ашылды.

Ауылдың кез келген тұрғыны осы жерге келіп, жағдайы төмен жандар үшін азық-түлік қалдыруына болады. Ал, мейірімге, жәрдемге мұқтаж адамдар осы жерден өзіне қажетті азық-түлікті тегін ала алады. Қайырымдылық шарасының ұйымдастырушылары облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университтетінің «ASUmit» және «Нұр-Ай» қайырымдылық қорлары.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Ләйлә Ерболатқызы мен «НұрАй» қайырымдылық қорының жетекшісі Болатбек Қонарбаев қайырымдылық сөрелерін дайындауға қолдау көрсеткен барша қайырымды жандарға, оның ішінде қайырымдылық сөресін қоюға рұқсат еткен «Амангелді» дүкенінің иесі, ауыл кәсіпкері Ерік Қабеновке ризашылығын жеткізді.

-Бұл идеяның авторы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла болатын. Жетімі мен жесірін жылатпаған қазақ үшін қайырымдылық жат қасиет емес. Біздің мақсатымыз - қасиетті Рамазан айында жұртшылықты осындай игілікті істерді көбірек жасауға шақыру. Енді «Амангелді» дүкеніне келушілер өздеріне азық-түлік алған кезде, осы сөреге де тағам қалдыра алады, – дейді «НұрАй» қайырымдылық қорының жетекшісі Болатбек Қонарбаев. Қайырымдылыққа, мейірімділікке шақыратын шараны ауыл халқы да жылы қабылдады.

Б.СҮЙЕУОВА.

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?