ads_hero

Барлық жұмыс 10 минутта бітеді

Электронды үкімет порталы-ақпараттық технологиялар көмегімен мемлекеттік органдардағы кезекті қысқартып,анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берді.

Коммуналдық қызметақылары мен айыппұлдарды онлайн жүйесінде төлеуге, бизнесіңізді өз бетіңізше тіркеуге, қажетті анықтаманы 10-15 минут ішінде алуға болады. Күн-түн демей кез келген уақытта баланың балабақшаға кезегін көруге, мекен-жай анықтамасын ұялы телефон арқылы алдыртуға, басқа да жұмыстарды жасауға мүмкіндік бар.

Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм, әділет, полиция, әлеуметтік қорғау, сот, салық және адам өміріне қатысты өзге де салалар бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000-нан астам ақпараттық қызмет көрсетіледі.

2015 жылдың аяғында республикада «Электронды үкімет» порталы арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу мүмкіндігі қолданысқа енгізген болатын. 2017 жылдан бастап онлайн режимінде уақытша болатын орны бойынша тіркелу мүмкіндігі бар.

Е.Дюсенбаев, Махамбет аудандық полиция бөлімі көші-қон қызмет тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты. Сурет әлеуметтік желіден алынды

Кенжегул

ads_hero