Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстырыңыз

Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру үшін электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейін электрондық өтінішті толтырып, ЭЦҚ-мен қол қоюы тиіс. Өтінішпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретін де жолдап, сондай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік, жүргізуші куәлігінің баж салығы 1,25 АЕК құрайды.

Қызметті онлайн тәртіпте рәсімдегеннен кейін жеке кабинеттегі «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінен толтырылған электрондық өтінішті және «Қызметтерді төлеу тарихы» бөлімінен мемлекеттік баж салығын төлеу туралы электрондық чекті басып шығару керек. Сосын дайын құжатты алып кету үшін тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚКО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруіңізге болады. Өзіңізбен бірге қағазға басып шығарылған өтініш пен чекті, ауыстыратын жүргізуші куәлігін, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Б.МУХАМБЕТКАЛИЕВ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету» бойынша Махамбет аудандық бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521