Жасыл алаңда — ардагерлер

Фото: zh-shugylasy.kz

Махамбет ауданының былғары доп шеберлерін еске алуға арналған ардагер­лер арасында футзалдан облыстық турнир өтті. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Махамбет ауданының спорт жанашырларының ұйымдастыруымен өткен жарысқа 45 жастан жоғары ардагерлерден құралған 6 команда қатысты.

 Жасыл алаңға шыққан ардагерлер арасында Амантай Кенжеғұлов, Жан­дарбек Кәкішов, Сәрсенбай Нұржанов, Мұрат Ибрашев, Марат Қартқожа, Әлібек Амиров, Сейітжан Каримов, Қайрат Идрисов және басқалары болды. Жүлделі орынды қанжығасына байлаған ардагерлер командасына тоқталсақ, бірінші орынды «Санжар» ардагерлер командасы иеленсе, екінші орынды «До­ссор» ардагерлер командасы місе тұтты. Ал «Махамбет» ардагерлер командасы үшінші орынды ұтып алды.

Үздік ойын өрнегін көрсеткен ойыншыларға түрлі номинациялар та­бысталды. Атап айтқанда, «Санжар» командасының ойыншылары Бейбіт Та­тишев «Үздік сұрмерген», Жексенбай Хұсайынов «Үздік қорғаушы» атанса, «Махамбет» командасының ойыншысы Қанат Маликов «Үздік ойыншы» аталы­мымен марапатталды.

Марқұмдардың жанұяларына «Ма­хамбет» ардагерлер командасынан ар­дагер ойыншылардың аты-жөндері мен нөмірі жазылған жейделері бар естелік- сыйлық берілді. Бір айта кетерлігі, ол нөмірлер бүгінгі ардегерлер команда­сында қайталанбайды. Сегіз ардагерге Алғыс хатпен қоса, спорттық киімдер табыс етілді.

Амантай Кенжеғұлов пен Сәрсенбай Нұржановқа ақын, батыр баба Махам­бет Өтемісұлының 220 жылдығына орай шығарылған «Дауылпаз» төсбелгісі та­бысталды. Жандарбек Какишев, Аман­тай Кенжеғұлов, Сәрсенбай Нұржанов 1971-1975 жылдары Орал қаласының «Уралец» командасының намысын қорғады. Оқуларын аяқтап, ауылға кел­ген соң Жандарбек аға мен Амантай аға, Әлібек Амировтер Атыраудың «Прика­спиец» командасының сапында ойнады. Әлібек аға футбол ойнай жүріп, коман­даны жаттықтырды.

А.ҚАЗБЕК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521