ҚЫЗЫЛОРДАДАН ҚОЛА ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Фото: zh-shugylasy.kz

Қызылорда қаласында футзалдан жасөспірімдер арасында «Kairat Junior CUP-2024» республикалық турнир өтті. Аталған турнирге Қостанай, Шымкент, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау облысынан 12 команда қатысты.

Атырау облысынан қатысқан Махамбет аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің “футбол” бөлімінің командасы lll орынды иеленді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубок, диплом және медаль табысталды.

Команда тренері Әділет Идрисов “Үздік жаттықтырушы” атанса, махамбеттік оқушы Мансұр Бұрхан “Үздік ойыншы” аталымымен марапатталды. Футболшыларды республикалық додаға дайындаған жаттықтырушылар: А.Идрисов және А.Алдешов.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521