Төбеттер төбелескен күн

Төбеттер сайысы.

Бүгін таңертең "Тазы Төбет Бөрібасар" Ұлттық спорт федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында Алабай тұқымдас төбеттер сайысы өтті.

t

Сонымен қатар биылғы «Еріктілер жылында» осындай сайысты ауданымызда ұйымдастыруға белсене араласып, атсалысып жүрген - ерікті жас, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылының тұрғыны Есенаманов Аманқос Әділханұлы.

t

Қазақтың төбет, тазы сынды ит тұқымдарын өсіру, ел арасында насихаттау мақсатында өткен облыс деңгейіндегі шараға Атырау қаласы, Жылыой, Индер, Махамбет аудандарының төбеттері қатысты. Жалпы саны 28 төбет барлығы 14 пар шаршы алаңда бір-бірімен жекпе-жекке шықты.

t

Алғашқы 1-2 туры Атырау қаласында, ал 3-ші туры біздің Махамбет ауданында алғаш өтуі. Жеңген төбеттер мен оның бапкерлері ақтық финалға жолдама алды.Келесі ақтық финал Атырау қаласында өтеді.

t

t

Шара барысында «Тазы, Төбет, Бөрібасар» Ұлттық спорт федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің  Атырау облыстық филиалы атынан аудан жастарына төбет тұқымды күшіктері сыйға тартылды.

Қазақи төбет тұқымды иттерді өсіруге жастарды ынталандыру бағытындағы шараны ұйымдастырушыларға көрермендер ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

К.Сапарқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521