Каратеші Қайсар Алпысбай Чилиде өткен Премьер-лигада топ жарды

Қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетті.

Чилидің Сантьяго қаласында каратеден 2020 жылғы алғашқы рейтингтік турнир - Премьер-лига бәсекесі аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшылар сәтті өнер көрсетті. 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан үш спортшы сынға түскен болатын.

Турнир қорытындысы бойынша Қайсар Алпысбай финалда бақ сынап, әлем чемпионы, бразилиялық Брозаны жеңді. Бұл - Қайсардың Премьер-лига турниріндегі ең алғашқы жеңісі.

Дархан Асаділов пен Еркінбек Байтөреев жарыстың қола жүлдесі үшін кездесуі тиіс еді. Алайда, Еркінбек Дарханға жол беріп, қола жүлде Асаділовке бұйырды.

67 келідегі Дидар Әмірәлі қола жүлде үшін өткен кездесуде венесуэлалық әлем чемпионы Мадераны ұтып, үздік үштікке енді. Осы салмақтақтағы тағы бір қола жүлдені қазақстандық Асылбек Мұратов иеленді.

84 келідегі Игорь Чехмарев пен +68 келіде сынға түскен Софья Берульцева құрама қоржынын қола жүлде салды. Ал үшінші орынға таласқан 75 келідегі Ермек Айназаров Марокко спортшысынан ұтылып, алғашқы бестікке енді.

«Чилидегі турнирде қазақстандық 12 спортшының сегізі жүлдеге таласты. Меніңше, бұл - жақсы көрсеткіш. Алда бізді үлкен жарыс күтіп тұр. Бұл - Париждегі Премьер-лига бәсекесі. Чилидегі жақсы нәтижеміз Парижде еселене түседі деп ойлаймыз», - дейді команда бас бапкері Жасталап Санауов.

Дереккөз:inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521