Спартакиада жүлдегері атанды

Биыл ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толды.

q

Өткен аптада Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі залында, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай қол спорты, мас-рестлингтен аудандық спартакиядасы өтті.

q

Спорттық шараны кіріспе сөзбен ашқан аудандық маслихат хатшысы Мырзашев Марат спорттың бұл түрі облысымызда кенжелеу дамып келе жатқандығына тоқталды.

- Көк байрағымызды желбіретіп, барша қазақстандықтардың рухын асқақтатқан Г.Головкин, Қ.Ислам, Н.Ахметов сияқты боксшыларымыздың жеңістеріне сүйсініп, оларға ұқсауға тырысқан қазақтың кішкентай қайсар ұлдары қолдарына қолғап киіп, рингті жағалағандары, күреске де бейім тұратындары белгілі. Ал, күні кешегі Румынияның Констанца қаласында қол күресінен өткен әлем біріншілігінде қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырына көтеріліп, алтыннан алқа таққан даңқты жерлесіміз Рахия Молдашеваның тамаша жеңісінен кейін спорттың бұл түрі де бұқаралық сипат алады деп сенемін,-деді қол күресі сайысына қатысушыларға сәттілік тілеген Марат Оразұлы.

qolkures1

«Ұрыс та тұрыс жоқ» дегендей, жарыс шарттары түсіндірілгеннен кейін бұлшық еттері бұлтылдаған сайыпқыран жігіттер қолдарын айқастырды. Жеңіліп қалғандар жарысты одан әрі жалғастыра алмайды. Дәмесі зор болғанымен дәрмені жоқ жігіттердің талайы жарысты сырттай тамашалауға мәжбүр болды. Сонымен қолдарының қуаты мол, қайратты жігіттер де іріктеліп шықты.

q

Төрешілердің шешімімен мас-Рестлингтен 70 келі салмақта Үмбетов, 80 келіде А.Ақылбеков, 90 келіде Б.Латиф, одан да жоғары салмақта қол күштерін байқаған М.Искаков жеңімпаз деп танылса, қол спортынан өз салмақ дәрежелері бойынша А.Ақылбеков пен Қонысовтың мерейлері үстем болды.

Жарыс жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

Н.Тельман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521