Қола медальді жеңіп алды

Жақында Атырау қаласында «ҚР Құрметті спорт қайраткері» А.Раушановтың 55 жылдық мерейтойына арналған ашық республикалық турнир ұйымдастырылды.

Бұл 2005-2006 жылы туылған жаcөспірім ұл-қыздар арасындағы турнирге Калмыкия Республикасынан, Ресей Федерациясының Ставрополь өңірінен, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан, Ақтөбе, Шымкент қалалары, Атырау облысының барлық аудандары мен қала спорт мектептерінен 200 дзюдошы қатысты.

Ауданымыздың намысын қорғаған дзюдошыларымыз төрт қола медальді жеңіп алды.

Атап айтсақ, олар 46 кг салмақтағы Ерасыл Нəсіпқали, 44 келілік салмақтағы Аяулым Елеуова, 48 кг салмақтағы Альбина Елеуова, 48 келілік салмақтағы Эльмира Ермек.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521