ads_hero

Облыстық лиганың чемпионы атанды

Атырау қаласында 5-6 сынып оқушылары арасында облыстық лига ойындары өтті.

Аталған жарысқа ауданымыздан Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия, Е.Ағелеуов, О.Шонаев және А.Байтұрсынұлы орта мектептерінің оқушыларынан құралған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы қатысып қайтты.

Топтық ойындарда Жылыой, Индер аудандарының командасын ұтқан жерлес команда, жартылай финалда Мақат ауданының командасынан басым түсті. Финалдық шешуші ойында Құрманғазы ауданының командасын 5:2 есебімен ұтып, облыстық лига ойындарының чемпионы атанды.

oblliga1903201

Лиганың «Үздік ойыншысы» атағын Е.Жолдыбай (Д.Төленов м/г) иеленді. Жарыс жеңімпаздарына облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының арнайы дипломдары мен медальдары табысталды.

Футболшыларды дайындаған жаттықтырушылар А.Идрисов,А.Алдешов,Ш.Мұханғалиев.

Б.Сапарова

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21