ads_hero

Махамбет командасы футзалдан ІІ орынды иеленді

Атырау қаласында ағымдағы жылдың 4-6 наурыз күндері 7-8 сынып оқушылары арасында дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының атсалысуымен облыстық лига ойындары ұйымдастырылды.

Оған Атырау, Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой, Мақат, Индер және Махамбет аудандарының футбол командалары қатысып, бақ сынады. Аталған жарысқа балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы (Д.Төленов атындағы мектеп-гимназия, Е.Ағелеуов, О.Шонаев орта мектептерінің оқушыларынан құралған) қатынасып, ауданымыздың намысын қорғады.

f

Топтық ойындарда Атырау, Қызылқоға, Индер аудандарының командаларынан басым түскен махамбеттік команда жартылай финалда құрманғазылықтарды ұтып, финалдық бәсекедегі негізгі ойынның уақыттарында мақаттық командамен теңбе-тең ойнап, матч соңындағы пеналтиден 3:2 есебімен ұтылып, жүлделі II орынды иеленді.

Айта кетейік, Д.Төленов мектеп-гимназиясының оқушылары И.Қалиасқаров «Үздік қақпашы», М.Сайын «Үздік ойыншы», Д.Салімжанов «Мерген ойыншы» атағын иеленді. Лиганың жүлдегерлері мен үздіктеріне арнайы дипломдар және медальдар табысталды.

Балғын аяқ допшыларды лигаға дайындаған жаттықтырушылар: А. Идрисов,А.Алдешов.

Б.Мәлікқызы

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21