ads_hero

Жолдауда көкейде жүрген өзекті мәселелер қозғалды

Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауы халық көкейінде жүрген өзекті мәселелерге дөп тигендей болды.

Дамыған елдерде шағын және орта бизнес табыс көзі болып табылады. Одан мемлекетке түсетін салық та қомақты. Бізде кедергі көп, тосқауыл жетіп-артылады.

Әсіресе, қағазбастылық шаршатады. Бір айта кетерлігі, құзыры жеткен шенеуніктердің өзгенің бизнесін тартып алуға дайын тұратындығы. Бұл да Жолдауда айтылғаны қуантты.

Соның ішінде шағын бизнесті салықтан үш жылға дейін босату және осы уақытта бизнестің бұл түріне тыйым салу да бар. Бұл істі енді бастағандар үшін үлкен көмек дер едік.

М.Қуандыққызы,

аудандық ветеринария бөлімінің

бас маманы

Сурет:дереккөз

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21