Ел үшін адал қызмет етуде

Махамбет аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге ҚР Күзет қызметінің ерекше тағайындау Күштері «Батыр президенттік полкі» 0111 әскери бөлімінен алғыс хат келген болатын.

Онда ҚР Күзет қызметінің ерекше тағайындау Күштері «Батыр президенттік полкі» 0111 әскери бөлімінде ефрейтор болып қызмет ететін махамбеттік Азамат Төлеуұлы Жұмабаев өз қызметін адал атқарып, өзін тек жақсы жағынан көрсетіп жүргенін, мемлекеттік құқықтық дайындық бағдарламаларын «өте жақсы», «жақсы» меңгергенін жазыпты.

Ол сабақтарда әскери, кәсіпқой біліктілікті игеруде аса қызығушылық танытып, әркез білімі мен әскери шеберлігін жетілдіріп, командирлер мен басшылардың бұйрықтарын нақты, дұрыс, мерзімінде ынта-жігермен орындайтынын айтқан. Берген ескертулерден қорытынды шығарып, дұрыс шешім қабылдап, өзіне сеніп тапсырған қаруды ұқыпты, дайындықта, күтіп ұстап, оны қолдана білетінін, әскери әдеп, мінез-құлық қағидаларын берік ұстанып, әскери сәлемдесу үрдістерін, әскери киім киюді сақтап, бөлімде абыройлы, кішіпейіл, көпке құрметпен қарайтыны туралы да жылы лебіз білдірілген екен.

Мінезі салмақты, спортпен шыныққан шымыр денелі жас сарбаз ретінде Азамат Төлеуұлы спорттық жарыстарға, мәдени шараларға белсенді қатысып, саптық тұрғыда жинақы, өз арасында сыйлы, беделді сарбаз қызметтік, мемлекеттік құпияны берік, қатаң сақтай білетіні туралы да жағымды пікірлер жазылғаны да бізді қуантып отыр.

Ертеңгі ел қорғаны боларлық осындай Азаматтай абзал ұландарымыз көп болсын дейміз.

Е.Айтжанов,

Махамбет аудандық қорғаныс істері

жөніндегі бөлім бастығы, майор

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521