Қос өнерпаздың жеңісі

Облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтың 100 жылдығына арналған облыстық патриоттық әндер байқауы өткізілді.

Ел Тәуелсіздігін ұлығылау, ұлттық сананы жетілдіру, музыка мәдениетін дамыту, патриоттық әндерді таңдау мен орындаудағы эстетикалық талғам қалыптастыру, жастарды ұлтжандылыққа, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеумен қатар талантты орындаушыларды іздестіру, олардың қатарын көбейту мақсатында ұйымдастырылған байқауға қала, облысқа қарасты аудандар мен әскери бөлімдерден барлығы 15 үміткер қатысты.

Сайыстың шарттары мен талаптарына сәйкес қатысушылар екі әннен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және туған ел, Отан тақырыбындағы патриоттық әндер орындады.

Аталмыш байқауға «Өнерпаз» мәдениет үйінің вокалистері, жас таланттар Еламан Ғафуров пен Нұрболат Баяхмет қатысып, аудан намысын қорғаған болатын.

n

e

Қазылар алқасының шешімімен облыстық байқаудың бас жүлдесі Еламан Ғапуровке бұйырды. Жүлделі І және ІІ орындарға атыраулық және индерлік әншілер лайық деп танылып, Құрманғазы ауданы және «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығы бөлімі атынан қатысушылар ІІІ орын иегерлері атанды. Өзге де қатысушылар «Алғыс хатпен» марапатталды. Олардың қатарында жерлесіміз Нұрболат Баяхмет те бар.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521