Ауданымызда коронавирусқа қарсы дайындық жұмыстары пысықталды

Жүздеген адамның өмірін қиып, мыңдаған адамның аурухана төсегіне таңылуына себеп болған «коронавирустың» таралуы жер жаһанды дүр сілкіндірді.

Қауіпті кесел жұқтырғандардың көрсеткішінің артуы әлем елдерінің алаңдатпай қоймайды және барлық мемлекет аурудан қорғанудың амалдарын қолға алуда. Осыған орай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыру мақсатында «этиологиясы белгісіз коронавирустың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейту» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Г.Ажигалиева коронавирустың шығу тарихы, шетелдердегі бүгінгі ахуал жайына тоқталды. Коронавирус алғаш рет 1960 жылдары ашылып, вирус тәждің пішініне ұқсас болғандықтан «коронавирус» деп аталған.

Ол тыныс алу жолдарының инфекциясын тудыратын, адамнан адамға берілетіні дәлелденген жұқпалы вирус. 2019-nCoV ошағы желтоқсанның ортасында Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Жарияланған геном негізінде филогенетикалық зерттеу жүргізіліп, инфекцияның вирус жұқтырған жануардан берілуі мүмкін деген болжам туындады. Кейін вирус Қытай құрлығының басқа провинцияларына және Тайланд, Жапония, Тайуан, Оңтүстік Корея, Аустралия, Франция және Құрама Штаттарға таралды.

Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар дәрігері-инфекционист Н.Наубаева аурудың клиникалық белгілері мен оны алдын-алудың жолдары туралы баяндама жасады. Сонымен қатар аудандық обаға қарсы стансасының басшысы А.Сапенов «2019-nCoVқа күдікті науқас анықталған жағдайда алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар алгоритімі» бойынша жаттығу сабағын өткізді.

Б.Сапарова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521