Антисептикті қалай қолдан жасауға болады?

Коронавирус пандемиясы кезінде антисептик дәріханалардағы ең өтімді тауарға айналды.

Зор сұраныс тапшылықты туғызатындықтан дәріхананың көбінен оны таба алмауыңыз мүмкін. Дегенмен, оны қолдан жасау амалын ұсынамыз. Оны қолдан жасау оңай әрі тиімді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы интернеттегі парақшасына антисептиктің мынадай құрамын ұсыныпты:

Қолдан антисептик жасау үшін: 830 мг этил спирт(кемі 60 пайыз болу керек микробтарды өлтіру үшін) пен 15 мг сұйық глицерин және 40 мг сутегінің асқын тотығы (перекись водорода үш пайыздық) сатып алу қажет. Үшеуін қосасыз да қайнаған салқын сумен араластырасыз су шамамен (10-12 мл) керек. Талғамыңызға қарай аздап бояғыш немесе ароматизатор қосып қоюға да болады. Антисептик дайын.

Оны қараңғы əрі салқын жерде, мықтап жабылған ыдыста 72 сағатқа қалдырасыз. Спирт ұшып кетпес үшін ерітіндінің бетін жауып қою керек.

Осыдан кейін осы қоспаны абайлап флаконға құйып алып қолданасыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521