Жас педагогтар сайысы

Фото: zh-shugylasy.kz

Облыстық Білім беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының” жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 30 қарашасында Қосарал орта мектебі базасында жас педагог қызметкерлерге арналған «Дарын­ды балаларға - талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі болып өтті.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты - жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

Оған Махамбет ауданының 10 мектебінен 10 педагог, 1 психолог қатысты. Нәтижесінде Жалғансай орта мектебінің биология пәні мұғалімі Қадір Даяна және Қ.Қарашаұлы атындағы орта мектеп психологы Тайманова Самал І орын алып, облысқа жолдама алса, Қосарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Уапова Ажар мен Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Манарбек Сәулет жүлделі ІІ орындыиеленді. Ал ІІІ орынға О.Шонаев атындағы орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Тулебаев Ол­жас, Алға орта мектебінің матема­тика пәні мұғалімі Галиева Гүлмарал және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы орта мектебінің АӘД мұғалімі Саханов Ахмет ие болды. Қалған жас педагог­тар Алғыс хатпен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521