Ұстаздар жүлдемен оралды

Фото: zh-shugylasy.kz

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының «Атырау облысы бойынша КДИ» «Жас маман – білім, ғылымның қозғаушы күші» атты жас педагогтердің облыстық байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін және шығармашылық потен­циалын арттыру, инновациялық белсенділіктерін дамыту, кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау болды. Байқауға білім мекемесінде бес жылға дейін педагогикалық еңбек өтілі бар жас ма­мандардан 60-қа жуық жұмыс түсті. І айналым – «Жаңғыру жолындағы жас маманның ролі» тақырыбында эссе жазу бойынша сырттай өтті. Байқауға ұсынылған эсселерді талдау, бағалау және байқаудың финалына қатысуға үміткерлерді іріктеу үшін ғалымдар мен шебер педагогтерден құралған сараптамалық кеңес жұмыс жасады.

Байқаудың қорытындысы бойынша Махамбет ауданынан қатысқан Қ.Ахмедияров атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Дощатов Даулет Владимирович жүлделі І орынды, Қызылүй орта мектебінің химия пәні мұғалімі Қайрушева Данагүл Серікқызы жүлделі ІІ орынды иеленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521