ads_hero

Студенттердің стипендиясы 25% артты

Қазақстанның жоғары оқу орындарында 25% арттырылған стипендия беріле бастады.

«ҚР Президенті Қ. Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтарынан бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 25% көтерілетінін мәлімдеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша шаралар қабылдады.

Бүгінде еліміздің 30-дан астам жоғары оқу орны студенттердің стипендиясын 25% жоғарылатты. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан колледж студенттеріне стипендия төлене бастады. Осылайша, 179 мың ЖОО студенті мен 136 мың колледж студенті стипендиясының көлемі артады», - деді ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметінен.

Айта кеткен жөн, бакалавриат студенттерінің стипендиясы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге дейін, интернатура –37 945 теңгеден 47 431 теңгеге дейін, магистратура – 53530 теңгеден 66 913 теңгеге дейін, докторантура – 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті. Колледж студенттерінің стипендиясы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге артты.

Дереккөз:inform.kz

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Cүйеуова Баян- бас редактор

Cүйеуова Баян
- "Жайық Шұғыласы" газетінің бас редакторы

Сапарова Балнұр

Сапарова Балнұр - бас редактордың орынбасары -жауапты хатшы

Сатаева Айнұр-ІІ снатты маман

Сатаева Айнұр
- ІІ санатты маман

Майбасова Кенжегүл-сайтқа жауапты редактор

Майбасова Кенжегүл
- сайтқа жауапты редактор

Қисина Гулфара-бет құрушы

Қисина Гулфара
- бет құрушы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

ads_hero