Абай - ғажайып тұлға

Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау мектебімізде де кеңінен өтуде.

Оқушылар арасында Абай өлеңдерін жатқа оқудан челлендж, 2-10 сынып оқушыларымен "Абай-дара, Абай-дана қазақта!» атты әдеби музыкалық кеш ұйымдастырылды. Мұнда оқушылар Ұлы Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, қара сөздерінен көрініс қойып, кештің көркін қыздыра түсті.

Кітапханашы Г.Отарова Абайдың өмірі мен шығармаларынан «Абай кім?» атты викториналық ойын өткізіп, оқушылар білімін тексеріп, одан әрі ақын кітаптарына шолу жасады.

Абай мұрасымен сусындап, өміріне қажетті дүниелерді бойына жия білген әрбір жас ұрпақ нұрлы да шуақты болашақтың иесі боларына кәміл сенеміз.

А.Кенжебаева,

Жалғансай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521